Войти ұмыттым?
"Қазақ тазысы. Казахская борзая тазы" Тоқтабай А.
  • Сіздің дауысыз:
6 100 тг.

Артикул: 13563

В Алматы: қоймада бар

В Астане: нет в наличиии

В Атырау: нет в наличиии

Саны :   - +
Тапсырыс беру

Укажите Ваш номер телефона и мы Вам перезвоним!

 (   )  Заказать

Кітап сипаттамасы

«Бұл кітап қазақтың жеті қазынасының бірі болып саналатын «Қазақ тазысына» арналып отыр. Ол жақында өткен 7-ші халықаралық «Жібек жолы» кітап және полиграфия жәрмеңкесінде «Жыл кітабы» атанып, Бас жүлдені жеңіп алды.  Кітаптың мазмұны қалай бай болса, сыртқы мұқабасы мен ішкі безендіруі соған сай ең соңғы полиграфиялық жетістіктер мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып шығарылды», - дейді «Атамұра» баспасының вице-президенті  Рахима Абрарқызы. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің алғысөзімен жарық көрген қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі бұл құнды еңбекті Алматыдағы «Атамұра» баспасы өз қаржысына басып шығарып отыр. «Қазір зерттеушілер мен кәсіпкерлердің және барлық әуесқой қауымның алдында бір ғана міндет тұр. Ол қазақ тазысының өзіне лайық халықаралық мәртебесін иеленуі.  Жалпы қазақ тазасының қазір 5 түрі бар. Олар: «Жетісу тазысы», «Арқаның ақсақалы», «Шығыстың көкқасқасы», «Каспийдің жарғаққұлағы», «Түркістанның тазысы». Бүгінгі таңда елімізде таза қанды 130 шақты қазақ тазысы бар», - дейді Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ахмет  Тоқтабай. Оның сөзіне қарағанда, соңғы жылдары қазақ тазысына деген қызығушылық өте жоғары. Соның арқасында оны көбейту, дамыту мәселесі аяғынан қаз тұра бастады. Мәселен археологтар  елдіміздегі кейбір қазба жұмыстары кезінде тапқан қола дәуіріндегі иттердің  қаңқаларының қазақ тазысына өте жақын екені дәлелденіп отыр.

 

Пікірлер

Пікір қалдыру

Кері қайту

Тапсырысыңызды осы кітаптармен толықтырыңыз!

Қоржын

Жалпы есебі: 0 дана
Бағасы: 0 тг.

Жою

Тапсырыс беру