Войти ұмыттым?
"Қазақ айнасы" Шәкәрім
  • Сіздің дауысыз:
1 720 тг.

Артикул: 00001237

Cалмағы: 700 г.

Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қолжетімділігі: Қоймада бар

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығарма­шы­лығының ақталуы туралы Үкіметтің арнаулы қаулысы қабылданғаннан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осынау 25 жыл ішінде ақын шығармалары әртүрлі баспалардан кітап болып басылып шықты. Әр жерде сақталған ақын шығар­ма­ларының қолжаз­ба­лары негізінде жа­рық көрген бұл ба­сы­лым­дардың кем­шілік­тері де жоқ емес. Осындай кемшілік­терді әу баста газет-журналдарға басыл­ған ақын шығар­мал­а­рынан көрген Қ.Мұхамед­ханов өзінің «Біздің міндет» атты мақала­сында сынға алған еді. Одан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлының алғашқы жинақтары 1988 жылы «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан жарыққа шыққан кезде «Құдай» деген сөзден құдай сақта­сын...» деген мақаласы жарық көреді. Осы аталған екі мақала да Шәкәрім шығар­ма­лары оқыр­манға қатесіз, бұрмаланбай, түпнұсқадан айнытпай жетсе екен деген ой­мен жазылған еді. Өкінішке орай, сол алғашқы жинақ­тардағы кеткен мәтіндік қателер кейінгі басылымдарда сол қал­пында кездесетіні қынжылтады. Мәтіндегі қателермен бірге, өлеңдерді де бірнеше бөлікке бөліп жібергендігі де анық­талды. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы» жинағына енген шығармалары 1988 жылдан бері жарық көрген жинақ­тар­дың ешқайсысына да толықтай кір­меген. Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің жеке архиві 1986 жылы Мәдениет минис­тр­лігінің арнайы шешімімен Абай мұра­жайы­ның қорына жеке коллекция болып қабылданды. Осы коллекциядағы қолжаз­балар­дың ішінде Ахат Құдай­бер­диевтің әке­сі Шәкәрімнің кітабын қазіргі әріпке аудар­ған қолжазбасы бар. Абай мұражайы баспаға дайындаған кітапта ақынның өзі көзі тірісінде 1912 жы­лы шыққан жинақ факсимиле күйінде және қазіргі қазақ әрпіне Ахат Шәкәрім­ұлының Абай мұражайының қорында сақтаулы осы аударма қолжазбасы не­гізінде беріліп отыр. Кітапта түпнұсқа кітаптың беті және сол бет­тегі мәтіннің аудармасы қатар беріл­ген.

Саны :   - +
Тапсырыс беру

Телефон нөміріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

 (   )  Тапсырыс беру

Кітап сипаттамасы

 

 

Пікірлер

Пікір қалдыру

Кері қайту

Тапсырысыңызды осы кітаптармен толықтырыңыз!

Қоржын

Жалпы есебі: 0 дана
Бағасы: 0 тг.

Жою

Тапсырыс беру