Тапсырыс соммасы 8000тг-ден асса, Алматы қаласы бойынша тапсырыс берген күні тегін жеткізіп береміз
option-select
Байғабылова Қ. - Мейірімді Кейт
Мейірімді Кейт
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Мидас патша мен алтын жанасу
Мидас патша мен алтын жанасу
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Оттық
Оттық
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Финист - сұңқар жігіт
Финист - сұңқар жігіт
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Хамелиндік егеуқұйрық аулаушы
12%
Хамелиндік егеуқұйрық аулаушы
Байғабылова Қ.
650 ₸ 740 ₸
Байғабылова Қ. - Шақпақ тас
12%
Шақпақ тас
Байғабылова Қ.
650 ₸ 740 ₸
Байғабылова Қ. - Шошақай шелпек
Шошақай шелпек
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Шыны таудағы ханша
Шыны таудағы ханша
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Қоянның қалыңдағы
Қоянның қалыңдағы
Байғабылова Қ.
740 ₸
Байғабылова Қ. - Құс тұмсық патша
Құс тұмсық патша
Байғабылова Қ.
740 ₸
Блог
Баланы кітап оқуға қызықтырудың 7 әдісі

Баланы кітап оқуға қызықтырудың 7 әдісі

Балаларға қандай кітаптар ұнайды?
Таңғалдыратын, ойынға еліктіретін, қызығушылығын оятатын шытырман оқиғалар ұнайды. Ал, оған қоса біздің берген кеңестерге құлақ ассаңыз, балаңыз кітап оқуға қуана-қуана өзі-ақ кіріседі.

1.Балаға таңдау берiңiз

Баланың ата-анасынан гөрі өзі таңдап алған кітапті оқып біту ықтималдығы әлде қайда көбірек. Балаңызға ата-ана ретінде қарамай, оған дос болуға тырысыңыз. Кітап тандауға келгенде нұсқаушы емес, кеңесші болғаныңыз жөн.

2.Оқуды әдетке айналдырыңыз

Баланы жүйелі түрде оқуға үйретіңіз. Күн басталмай жатып бірнеше бет немесе ұйқы алдында бір тарау болуы мүмкін. Аптасына бір рет ұйымдастырылатын отбасылық отырыстар кітап оқуға балаларды ғана емес, ересектерді де баулайды.

3.Қысымды азайтыңыз

Балаға қиын, қызықсыз кітаптарды оқып бітіруге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Оқуға деген сүйіспеншіліктің кілті - ғанибет. Жеке талғам, жайлы жер және уақыт балаға үшін өте маңызды.

5.Баланы әдебиет әлеміне еліктіріңіз

Кітап бойынша түсірілген кино, мультфильм көрiңіз, кітап жәрмеңкесіне қатысыңыз, сүйікті хикая авторымен кездесулерге барыңыз. Әдетте кітап дүкендері мұндай шараларды жиі
ұйымдастырады.

6.Интриганы сақтаңыз

Сценаристтердің сүйікті әдісін қолданыңыз: оқуды ең қызықты жерде тоқтатып, баланы қызықтырыңыз. Шыдамы жетпеген бала тіпті кітапты өзі-ақ оқып бітіріп шығады.

7. Ең қызықты кітапхананы жинаңыз

Үй кітапханасында үлкен тандау болу керек. Өзіңізді және балаңызды кітаптармен қоршап алыңыз: олар әр бұрышта жатсын, көзге түсіп, баланы қызықтырып, қиялын ойнатсын.

Ал біз болсақ, балаңыздың болашағына ең жақсы инвестиция болатын кітаптарды табуға көмектесеміз! Сайтымыздағы "Балалар әдебиеті" бөліміне өтіп, өзіңізге және балаңызға ұнайтын кітапты таңдап, тапсырыс беріңіз!

Жазушылардың балалық шағы арқау болған 7 жан тебірентерлік шығарма

   Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңдердің біріне - ХХ ғасырдың басы мен соғыс жылдары жатады. Балалық шағы сол бір тар заманмен тұспа-тұс келген балалардың дүние есігін аша сала көргендері - соғыс зұлматы, аштық, репрессия, өлім қасіреті...

Еліміздің бірқатар жазушылары сол кезеңдердің ұрпағы, қазақ даласында болған оқиғалардың тікелей күәгері болып саналады. Олардың әрқайсысы буыны қатпаған бала, жасөспірім кезіндегі өзі көрген қиындықтарын жан-дүниесіне сыйдыра алмай, шерін тарқатып, ақ қағазға қара қаламмен жазып кеткен еді. Біз сол кезеңге сізді жетелеп, сол кездің бейнелерін көз алдыңызға әкелетін, ел ішінде кең тараған, әрі жүректің түбіне дейін жететін шығармаларды іріктеп алып, үздік деп саналған 7 кітапты ұсынамыз.

 

     1. Шыңғыс Айтматов “Балалық шақ”

  Кітап жазушының тірі кезінде өзі айтып берген, касетаға жазылып алынған әңгімелерден тұрады. Қазақ тіліне тек жақында ғана аударылған. Міндетті түрде оқыңыз!

 

      2. Қаржаубай Омарұлы “Әке”

«Әке» повесі - оқыған адамды бейжай қалдырмайтын, көп нәрсенің қадіріне жетуге үйрететін шығарма.

Повес қайта құру кезінде жазылып, жарық көруі мен таралуы тоқсаныншы жылдарға сәйкес келіп қалды. Сол себепті де, тиісінше насихатталмай қалды. Әйтпесе сол жылдары бала болып осы кітапты оқыған кісілер бұл шығарманы ерекше ықыласпен еске алады. Жаңа заманның балалары үшін де қымбат кітапқа айналатыны сөзсіз.

Оқуға кеңес беретін бірден-бір шығармалардың бірі!

     3. Бердібек Соқпақбаев “Балалық шаққа саяхат”

  Бұл повес арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев өзінің балалық шағы туралы тәтті естеліктері мен кермек татитын әсерлерін жымдастыра өріп, шерін тарқатып кетті. Біз артық сөз айтпаймыз, бұл кітапты міндетті түрде оқу керек.

”Қожаның” прототіпі болған кісінің балалық шағы қалай өткендігіне күәгер болыңыз!

    4. Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша

«Ай мен Айша» романы ХХ ғасырда қазақтың басына түскен алмағайып уақыттардан сыр шертеді

   «Ай мен Айша» романы ХХ ғасырда қазақтың басына түскен алмағайып уақыттардан сыр шертеді. Балалық шақтың мұңлы сарыны құлағында қалған, соны осылай роман арқылы шығарған Шерхан Мұртазаның жан сырын түсінгім келеді десеңіз, бұл кітап сіз үшін!

    5. Сайын Мұратбеков “Жабайы алма”

   Сайын Мұратбеков әйгілі жазушы болған кезінде қала сыртындағы саяжайына барып, жазу жазады екен. Күз келгенде көршісінің жері мен екі ортада өсіп тұрған жабайы алма ағашының алмасын жинайтын көрінеді.
Алманың небір тәтті түрлері өсетін Алматының баурайында ашқылтым дәмі бар жабайы алманы ешкім керек қылмайды ғой, жазушының көршісі де өз ауласына түскен жабайы алманы термейді екен.

Сайын оларды да сұрап алып, жинап-теріп үйіне алып келеді екен. Неге өйтесің деп сұраған жұбайына «бала күнімізде қарнымыз ашқанда осы жабайы алманы жеуші едік, қазір бір жерден көрсем, бала күнгі досымды көргендей боламын, тастап кете алмаймын» деп жауап беріпті.

      6. Бауыржан Момышұлы “Ұшқан ұя”

Әлемдік деңгейде зерттелген әскери тактикасы, болмысы, сөз мәнерімен танылған Бауыржан Момышұлы:

“Өмірде қаншама ұстаздардан білім алдым, бірақ әжемнің тәрбиесіне жетпейді екен", - деп айтыпты екен.

      7. Ақберен Елгезек “Болмаған балалық шақ”

"Болмаған балалық шақ" повесі - 20 ғасырда емес, 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма
 Бұл кітапта Ақберен Елгезек қиялдан шығарып емес, өзінің балалық шағынан алынған оқиғалардан сыр шертеді. Жазушының балалық шағы сізді көзіңізден жас шығарып, баурап әкетпей қоймайды….

 

Бұл шығармалардың әрбірінен сіз өзіңізді де табасыз, себебі, бәріміз де кезінде бала болғанбыз. Ендеше, өмірдің тылсым сырларын қайта түсініп, мына дүниеге есейген, тат басқан темірдей сарғайған жүрекпен емес, балалық пәк көңілмен қайта қарап көрем десеңіз - бұл шығармалар сіз үшін! Осы және басқа да кітаптарды Қазына кітап үйінен таба аласыздар!

30 жыл жарияланбай жүрген роман!

 Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

 

"Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді,

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді."

 

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:

 

"Ағын судың өлгені,

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені,

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені,

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ,

Бір Алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.", - деген екен.

 

Жақсының аты өлмейтіні рас. Дінмұхамед атамыздың о дүниеге қайтқанына біраз жыл өтсе де, оның ел арасында жасаған игі істері, сөздері, сіңірген еңбегі өшпеді, өшпейді де. Тіпті АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауер Қонаев бір сырласып: "Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы". - деген екен.

Халқымыз "Ер есімі - ел есінде" деп қалай дәл тауып айтқан? Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды 25 жылдай, 1960-62, 1964-86 жылдары басқарды. Статистикалық мәліметтер бойынша, осы аз ғана жылдар ішінде республиканың өндірістік әлеуеті 700 пайыздан аса өсті, өнеркәсіп көлемі 9 есе, ауыл шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе өсті және де кейіннен Қазақстанның экономикасын көтеруге үлкен септік тигізген, өнеркәсіп орталығы болып саналған 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Олардың ішінде - Рудный, Екібастұз, Шевченко (Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалаларын айтпай кетуге болмайды. Елдегі жағдай жақсарды, мәдениет саласы ерекше екпінмен дамыды. Димаш атамыздың елімізге сіңірген еңбегін тізіп айта берсек өте көп.

 

Әңгімені басқа арнаға бұрып, Димаш атамыздай біртуар тұлға туралы Ілияс Есенберлин жазып қалдырған ең алғашқы роман - "Мұхиттан өткен қайық" романы туралы айтқымыз келіп отыр.

 Бұл шығарманы көбісі біле бермейді, себебі, кітап 1960 жылдың соңында жазылып бітсе де, 30 жылға жуық уақыт ара салып, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана басылып шығып жатыр. Неге десеңіз - Кеңес өкіметінің кертартпа қатаң цензурасы. Компартия шығарманы "ұлтшылдықты дәріптейді" деп танып, басып шығаруға тыйым салған. Ілияс Есенберлин болса, кітапқа еш өтірік қоспағанын, тек шындықты жазғанын айтады... Кітапта Қонаевтың өмір мен еңбек жолы, жоғарыда айтқан істері, басшылыққа қарсы шыққандығы т.б. біз білмейтін оқиғалар баяндалады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылуына биыл 110 жыл толып жатыр. Еліміздің осындай ардақты перзентін қадірлемесек, жастарға насихат етіп, үлгі тұтпасақ бізге айып. Балаларымыздың арасынан жаңа "Қонаевтар" шығып, ел тұтқасын ұстай алатын, елді ойлайтын ерең тұлға болып өссін десек - бұл бізге мәңгілікке парыз болып қалмақ.

 

 Жоғарыда айтылған романды және соған ұқсас Димаш атамыздың өзі жазып қалдырған мұрасы "Ақиқаттан аттауға болмайды" кітабын, Димаш атамызбен жақсы араласқан Рафаэль Ниязбектің "Көсем" тарихи-деректі романын. Қазына кітап үйінен таба аласыздар! Дінмұхамед атамызды жақыннан танығыңыз келсе, шындықты білгіңіз келсе бұл шығармаларды міндетті түрде оқыңыздар!

“Кітап оқу бізге не бере алады?”немесе “Сегіз қырлы бір сырлы болудың сыры”


Кітап оқудың пайдасы және маңызы жайлы көп айтылып келеді.
Кітап - ойлауды, жаттау дағдысы мен қиялды дамытып, сөздік қорды көбейтеді. Адамды тыңдап, танып, оның жан дүниесін түсінуге үйретеді. Және, жалпы адам баласы үшін, оның тұлғалық сипатын, өмірлік ұстанымын, дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.

Бұның бәрі әлемнің ең мықты деген ғалымдарымен дәлелденген, әрі бұл тізімді ұзағынан жалғастырып жаза беруге болады. Одан да біз кітап оқудың біз үшін беретін бір пайдасын қарастырып, мағынасын ашуға тырысып, талдап көрейік.

Біз, көбіне, өмірімізде туындап жатқан мәселелерге бір қырынан ғана қарап үйренгенбіз. “Ар жағында не жатыр, мәселенің себебі неде?”, - деп ойланып та көрмейміз ғой.

Мысалға, балаңыз сізден үнемі шындықты жасырып, өтірік айта береді. Сіз балаңызға келіп ұрсасыз. Ар жағын қарап ойласаң, бала кішкентай болған кезінде сіздің сәнденіп, әтір сеуіп, кешке қарай үйден шығып бара жатқаныңызды көрді. Тойға бара жатырсыз, ол оны сезіп тұр. Қасыңызға келіп “Қайда барасыз?” деп сұраған кезде сіз “Дәрігерге бара жатырмын” деп жауап бердіңіз.
Мінеки, енді баланың ойында “өтірік айтуға болады екен ғоой” деген тұжырым пайда болды. Көрдіңіз бе? Мәселе қайда жатыр?

Өмірде бұндай жағдайлар көп болып жатады. Кінәні басқадан ғана іздейміз. Ал мәселе тек бізде ғана. Әр нәрсені жан-жақты қарастыра білуді үйренсек, өмір сүрудің өзі оңай көрінетін болады.

Ал, кітап - жан-жақты ойлануды, анализ жасауды үйренуге таптырмайтын бірден-бір құрал. Себебі, сіз кітап оқыған кезде кейіпкердің мінезін, ішкі жан-дүниесін танисыз. Оны талдайсыз. Оқиғаның ары қарай қалай өрбуі мүмкін екендігін де ойланып отырасыз. Критикалық ойлау қалыптасады.

Яғни, ақ пен қараны ажырата біле бастайсыз. Сізге артық уайым әкелетін, энергияңызды жейтін қателіктерге жол бермейсіз. Әлемдегі жетістікке жеткен кез-келген адамның: Илон Маск, кітап оқитын әдеті болатындығы да сондықтан.

Сондықтан, көбірек кітап оқып, көкжиегіңізді кеңейтіңіз! Біздің сайтымыздан сіз өзіңізге ұнайтын кез-келген кітап таба аласыз. Көркем әдебиет, іскерлік әдебиет, шетел әдебиеті, әлемдік классика, балалар әдебиеті және т.б. әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқу үшін, каталогқа өтіп, тапсырыс беріңіз! Құрметпен сіздің Qazyna кітап үйі!

Балалар үшін оқудың маңызы.

Кітап әлемі - мейірімділікке, жанашырлыққа, түсіністікке үйрететін, жан-жақтағы дүниенің әсемдігін көрсетіп, ашып беретін, жаңа мәдениеттерді тануға, кейіпкерлердің таңғажайып әлеміне баурап әкететін өзгеше бір әлем. Кітап - ойлауды, жаттау дағдысын, қиялды дамытып, сөздік қорды көбейтеді, адамды тыңдап, түсінуге үйретеді. Бұл - қазіргі бүлдіршіндердің арасында кең тараған теледидар, интернеттен гөрі, баланы дамытудың ең қауіпсіз әрі ең пайдалы жолы. Себебі, баланың психикасы дайын тұрған "картинаны" түсініп, оны өзінше қорытуға әрдайым икемді бола бермейді.

Ал, ең кішкентай оқырмандар үшін, кітап оқу - өте қызықты әрі танымды процесс болып табылады. Балаға кітап оқып беріп сіз: әртүрлі бейнелерді, кейіпкерлерді, жануарларды көрсетесіз. Олардың не және кім екендігін айтып бересіз. Бала зейінді, жоғарыда айтылған ой-өрісті қосып, тыңдап, көріп отырған ақпаратты талдауға кіріседі. Баланың жайлап көзқарасы қалыптаса бастайды. Балаға кітап оқу, оқып беру - тәрбие процесінің ең күшті тұсының бірі боп қалады, әрі кішкентай тентекті ұйқыға жатқызудың ең тиімді әдістің бірі.

Балаға кітап оқып беріп сіз ата-ана мен бала арасындағы сол бір ерекше байланысты орнатып, оның күшін арттыра түсесіз. Баламен сондай уақыт өткізіп, оның жадында "өмірімдегі ең күшті, бейқам кездер" деген жылы естеліктер қалдырасыз.

Кітап - бүлдіршіндер үшін, және жалпы адам баласы үшін, оның тұлғалық сипатын, өмірлік ұстанымын қалыптастырады. "Дұрыс" әдебиетті таңдап, біз баланың өмірдегі ең қажетті деген қасиеттерін тәрбиелеп, оған адам болуды, ақ пен қараны ажырата білуді үйретіп, отбасыға, табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббатты оятамыз.

Ақпаратты дұрыс бере отырып, балада оң ассоциациялар туындайды, бұл балаға оқуды жақсы көруге итермелейді. Ал, оқуды жақсы көретін бала өзі үшін пайдалы әрі қызықты істі оңай табады.

Балаға кітап оқып беруді қазірден бастаңыз, себебі, бұл оның, сіздің және отбасыңыздың болашағы! Ал отбасының болашағы - Отанның болашағы! Дәл қазір сайтымыздағы "Балалар әдебиеті" бөліміне өтіп, өзіңізді қызықтыратын кітапты таңдап, тапсырыс беріңіз. Қазақстаның бұрыш-бұрышына дейін жеткізіп береміз!

Өмірдегі ең ірі инвестиция бірі - балаңыз. Кітап оқып, болашағыңызға инвестиция құйыңыз!

Кәсіпкерлер үшін кітап оқудың пайдасы.

Ұлттық экономика министрлігінің айтуы бойынша, 2021 жылдың өзінде еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы саны 1.4 млн-ға дейін жетті. Нарықтағы бәсекелестік жылдан-жылға артуда. Бірақ, kapital.kz көрсетуі бойынша тұсауы кесілген жаңа кәсіптің 10-нан тек 1 ғана өз ісін жалғастырады. Осында бір заңды сұрақ туындайды - неге? Көбіне, бұның себебі "жаңа" кәсіпкердің жеткілікті білімнің болмауында. Бастапқы кезеңдерде олардың ойлары тойдан келген сарқытқа ұқсайды: жауабы жоқ толған сауалдар мен сұрақтар бір-бірімен араласып, үйіліп жатады.

- Берекелі бизнесті қалай құруға болады?
- Бастапқы қиын кезеңдерді қалай жеңіл өткерсек болады?
- Тұрақтылыққа қалай жетеді?
- Сатудың қыр-сырлары және т.б. Осының бәрін ойлап кәсіпкердің миы қатады. Бұндай мәселеде жаңадан бір нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ екендігін ұғу керек. Бізге дейін миллиондаған адамдар бұл салада жүрді. Құлады, жығылды, сүрінді, қайта тұрды. Ақыры, ең күштілері ғана қалып, әлемде бренд деген атақ алып отыр. Олардың сол уақытта жүрген жолымен біз де жүрсек, адаспаймыз. "Ол жолды қайдан табуға болады?", - десек - кітаптан. Кітаптарда олар жылдар бойы жинаған тәжірибені бір немесе бірнеше аптада оқып, іске асыруға болады.

Білімнің қайнар көзі кітап екендігін бәріміз білеміз. Қазіргі таңда іскерлік, кәсіпкерлік әдебиет әлемдегі ең көп оқылатын әдебиеттегі жаңа бағыт болып табылады. Сондай кітаптарды оқып, өзіңді және жеке бизнесіңді көптеген қауіп-қатерлерден сақтауға болады.

"Әлемдегі үлкен компаниялардың иелері уақыттың бір бөлігін оқу үшін арнайы бөледі екен", - деп мәлімдейді Forbes. Байлардың 88% күніне аз дегенде жарты сағат кітап оқиды екен. Билл Гейтс жылына 50 кітап оқиды, Герман Греф те сонша оқиды. Уоррен Баффет оқуға 5-6 сағатын бөледі екен. Илон Маск ракеталарды тек кітап оқығаны үшін . Тіпті бизнес мектептерде де, "оқу курстары", "оқырман клубтары" ашылады екен. Мысалға, Сколковода «Қалай кітап оқу керек?» деген курстар жүреді. Оны танымал әдебиет критигі Галина Юзефович жүргізеді. Негізінде «оқитын адамдар, теледидар қарайтын адамдарды басқарады».

«Неге бай адамдар, жағдайы төмен адамдарға қарағанда көп оқиды? «Ми үшін оқу - денеге жасалатын жаттығумен бірдей», – деп айтады ағылшын ағартушысы Джозеф Аддисон. Оқу - тұрақтылыққа, зейінге, және бір нәрсеге фокус қоюды үйретеді. Мәні жағынан "салмағы бар" мәтіндер мен көркем шығармалар терең түсініп оқуды талап етеді. Оқу жадыны, жаттауды жақсартады. Адам оқыған кезде аналитикалық ойлау жүйесі дамиды, кейіпкерлер арасындағы байланысты талдап үйренеді. Бұндай әдебиет мәтіндегі көп ақпаратты оқып қана қоймай, миға тоқудың жолын да көрсетеді.», - деп мәлімдейді Forbes.

Оқу кәсіпкерлер үшін өте қажет көптеген қасиеттердің көзін ашады, креативті ойлауды дамытады, және де үнемі жаңа идеяларды ойлап табуға көмектеседі. Өйткені ми бұлшық ет секілді - жаттығу жасап отырмасаң, өзінің "формасын" жоғалта бастайды.

Оқудың маңызы жайлы көп айтуға болады, ал оқудың кәсіпкерлер үшін маңызы жайлы одан да көп, айлап, жылдап айтуға болады. Және қандай кәсіпкер болмасын: ірі, шағын немесе орта. Біздің сайтта сіз кәсіпкерлік үшін өте пайдалы сан алуан түрлі кітап таба аласыз: "Құт", "Бизнес симфония", "Екінші болма", "Вавилондағы ең бай адам", "Байлық", "Берекелі бизнестің сыры", "Табыс", "Бізге айтылмаған құпия", "Қазақша бизнес" және т.б. Дәл қазір "Іскерлік әдебиет" бөліміне өтіп өзіңізге ұнаған кітапты таңдап, тапсырыс беріңіз.

Алғашқы миллионыңызға алғашқы қадам жасаңыз!

Tанымал авторлар

Кітап оқығанды сүйесіз бе?

Өткен жылғы мәліметтер бойынша, әрбір ересек американдық күн сайын орташа алғанда үш жарым сағат теледидар тамашалайды екен. Сол зерттеулер бойынша, теледидар адам IQ төмендетіп жібереді, ал кітап оқу болса, стресстен арылтады, есте сақтау қабілетін күшейтіп, Альцгеймер дертінің алдын алады.

Біздің интернет дүкенімізден түрлі жанрдағы кітаптардың үлкен ассортиментін көре аласыздар: діни әдебиет, көркем әдебиет, әлемдік классика, іскерлік әдебиет, қазақ әдебиетінен: Әзілхан Нұршайықов, Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Бауыржан Момышұлы, Дулат Исабеков, Сайын Мұратбеков, Ілияс Есенберлин, Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Мағауин, Зейнеп Ахметова, Санжар Керімбай, Абай, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шыңғыс Айтматов, Мағжан Жұмабаев, Дінмұхаммед Қонаев, Бексұлтан Нұржекеев, Оралхан Бөкей, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстфин, Ғабит Мүсірепов, Ақберен Елгезек, Ақселеу Сейдімбек, Торғын Жолдасбекқызы, Асқар Сүлейменов, Рахымжан Отарбаев, Момын Әбдәкімұлы, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Төлен Әбдікұлы тәрізді т.б. майталмандардың шығармалары бар.

7 000 теңгеден артық сомаға тапсырыс беретін болсаңыз, Қазақстанның кез келген аумағына тегін жеткізіп береміз.

Сіздерді интернет-дүкенде күтеміз!

Себет
Қазына
Заказ в один клик
С помощью уведомлений о заказе можно не только получать актуальную информацию по заказу, но и иметь быстрый канал связи с магазином