Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
"Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді."
Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:
"Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.", - деген екен.
Жақсының аты өлмейтіні рас. Дінмұхамед атамыздың о дүниеге қайтқанына біраз жыл өтсе де, оның ел арасында жасаған игі істері, сөздері, сіңірген еңбегі өшпеді, өшпейді де. Тіпті АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауер Қонаев бір сырласып: "Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы". - деген екен.
Халқымыз "Ер есімі - ел есінде" деп қалай дәл тауып айтқан? Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды 25 жылдай, 1960-62, 1964-86 жылдары басқарды. Статистикалық мәліметтер бойынша, осы аз ғана жылдар ішінде республиканың өндірістік әлеуеті 700 пайыздан аса өсті, өнеркәсіп көлемі 9 есе, ауыл шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе өсті және де кейіннен Қазақстанның экономикасын көтеруге үлкен септік тигізген, өнеркәсіп орталығы болып саналған 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Олардың ішінде - Рудный, Екібастұз, Шевченко (Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалаларын айтпай кетуге болмайды. Елдегі жағдай жақсарды, мәдениет саласы ерекше екпінмен дамыды. Димаш атамыздың елімізге сіңірген еңбегін тізіп айта берсек өте көп.
Әңгімені басқа арнаға бұрып, Димаш атамыздай біртуар тұлға туралы Ілияс Есенберлин жазып қалдырған ең алғашқы роман - "Мұхиттан өткен қайық" романы туралы айтқымыз келіп отыр.
Бұл шығарманы көбісі біле бермейді, себебі, кітап 1960 жылдың соңында жазылып бітсе де, 30 жылға жуық уақыт ара салып, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана басылып шығып жатыр. Неге десеңіз - Кеңес өкіметінің кертартпа қатаң цензурасы. Компартия шығарманы "ұлтшылдықты дәріптейді" деп танып, басып шығаруға тыйым салған. Ілияс Есенберлин болса, кітапқа еш өтірік қоспағанын, тек шындықты жазғанын айтады... Кітапта Қонаевтың өмір мен еңбек жолы, жоғарыда айтқан істері, басшылыққа қарсы шыққандығы т.б. біз білмейтін оқиғалар баяндалады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылуына биыл 110 жыл толып жатыр. Еліміздің осындай ардақты перзентін қадірлемесек, жастарға насихат етіп, үлгі тұтпасақ бізге айып. Балаларымыздың арасынан жаңа "Қонаевтар" шығып, ел тұтқасын ұстай алатын, елді ойлайтын ерең тұлға болып өссін десек - бұл бізге мәңгілікке парыз болып қалмақ.
Жоғарыда айтылған романды және соған ұқсас Димаш атамыздың өзі жазып қалдырған мұрасы "Ақиқаттан аттауға болмайды" кітабын, Димаш атамызбен жақсы араласқан Рафаэль Ниязбектің "Көсем" тарихи-деректі романын. Қазына кітап үйінен таба аласыздар! Дінмұхамед атамызды жақыннан танығыңыз келсе, шындықты білгіңіз келсе бұл шығармаларды міндетті түрде оқыңыздар!
Заполните нашу короткую форму, и получите консультацию от нашего специалиста.