Кітап әлемі - мейірімділікке, жанашырлыққа, түсіністікке үйрететін, жан-жақтағы дүниенің әсемдігін көрсетіп, ашып беретін, жаңа мәдениеттерді тануға, кейіпкерлердің таңғажайып әлеміне баурап әкететін өзгеше бір әлем. Кітап - ойлауды, жаттау дағдысын, қиялды дамытып, сөздік қорды көбейтеді, адамды тыңдап, түсінуге үйретеді. Бұл - қазіргі бүлдіршіндердің арасында кең тараған теледидар, интернеттен гөрі, баланы дамытудың ең қауіпсіз әрі ең пайдалы жолы. Себебі, баланың психикасы дайын тұрған "картинаны" түсініп, оны өзінше қорытуға әрдайым икемді бола бермейді.
Ал, ең кішкентай оқырмандар үшін, кітап оқу - өте қызықты әрі танымды процесс болып табылады. Балаға кітап оқып беріп сіз: әртүрлі бейнелерді, кейіпкерлерді, жануарларды көрсетесіз. Олардың не және кім екендігін айтып бересіз. Бала зейінді, жоғарыда айтылған ой-өрісті қосып, тыңдап, көріп отырған ақпаратты талдауға кіріседі. Баланың жайлап көзқарасы қалыптаса бастайды. Балаға кітап оқу, оқып беру - тәрбие процесінің ең күшті тұсының бірі боп қалады, әрі кішкентай тентекті ұйқыға жатқызудың ең тиімді әдістің бірі.
Балаға кітап оқып беріп сіз ата-ана мен бала арасындағы сол бір ерекше байланысты орнатып, оның күшін арттыра түсесіз. Баламен сондай уақыт өткізіп, оның жадында "өмірімдегі ең күшті, бейқам кездер" деген жылы естеліктер қалдырасыз.
Кітап - бүлдіршіндер үшін, және жалпы адам баласы үшін, оның тұлғалық сипатын, өмірлік ұстанымын қалыптастырады. "Дұрыс" әдебиетті таңдап, біз баланың өмірдегі ең қажетті деген қасиеттерін тәрбиелеп, оған адам болуды, ақ пен қараны ажырата білуді үйретіп, отбасыға, табиғатқа, қоршаған ортаға деген махаббатты оятамыз.
Ақпаратты дұрыс бере отырып, балада оң ассоциациялар туындайды, бұл балаға оқуды жақсы көруге итермелейді. Ал, оқуды жақсы көретін бала өзі үшін пайдалы әрі қызықты істі оңай табады.
Балаға кітап оқып беруді қазірден бастаңыз, себебі, бұл оның, сіздің және отбасыңыздың болашағы! Ал отбасының болашағы - Отанның болашағы! Дәл қазір сайтымыздағы "Балалар әдебиеті" бөліміне өтіп, өзіңізді қызықтыратын кітапты таңдап, тапсырыс беріңіз. Қазақстаның бұрыш-бұрышына дейін жеткізіп береміз!
Өмірдегі ең ірі инвестиция бірі - балаңыз. Кітап оқып, болашағыңызға инвестиция құйыңыз!
Заполните нашу короткую форму, и получите консультацию от нашего специалиста.