Тапсырыс соммасы 8000тг-ден асса, Алматы қаласы бойынша тапсырыс берген күні тегін жеткізіп береміз
option-select

Жазушылардың балалық шағы арқау болған 7 жан тебірентерлік шығарма

09 августа 2022

   Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңдердің біріне - ХХ ғасырдың басы мен соғыс жылдары жатады. Балалық шағы сол бір тар заманмен тұспа-тұс келген балалардың дүние есігін аша сала көргендері - соғыс зұлматы, аштық, репрессия, өлім қасіреті...

Еліміздің бірқатар жазушылары сол кезеңдердің ұрпағы, қазақ даласында болған оқиғалардың тікелей күәгері болып саналады. Олардың әрқайсысы буыны қатпаған бала, жасөспірім кезіндегі өзі көрген қиындықтарын жан-дүниесіне сыйдыра алмай, шерін тарқатып, ақ қағазға қара қаламмен жазып кеткен еді. Біз сол кезеңге сізді жетелеп, сол кездің бейнелерін көз алдыңызға әкелетін, ел ішінде кең тараған, әрі жүректің түбіне дейін жететін шығармаларды іріктеп алып, үздік деп саналған 7 кітапты ұсынамыз.

 

     1. Шыңғыс Айтматов “Балалық шақ”

  Кітап жазушының тірі кезінде өзі айтып берген, касетаға жазылып алынған әңгімелерден тұрады. Қазақ тіліне тек жақында ғана аударылған. Міндетті түрде оқыңыз!

 

      2. Қаржаубай Омарұлы “Әке”

«Әке» повесі - оқыған адамды бейжай қалдырмайтын, көп нәрсенің қадіріне жетуге үйрететін шығарма.

Повес қайта құру кезінде жазылып, жарық көруі мен таралуы тоқсаныншы жылдарға сәйкес келіп қалды. Сол себепті де, тиісінше насихатталмай қалды. Әйтпесе сол жылдары бала болып осы кітапты оқыған кісілер бұл шығарманы ерекше ықыласпен еске алады. Жаңа заманның балалары үшін де қымбат кітапқа айналатыны сөзсіз.

Оқуға кеңес беретін бірден-бір шығармалардың бірі!

     3. Бердібек Соқпақбаев “Балалық шаққа саяхат”

  Бұл повес арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев өзінің балалық шағы туралы тәтті естеліктері мен кермек татитын әсерлерін жымдастыра өріп, шерін тарқатып кетті. Біз артық сөз айтпаймыз, бұл кітапты міндетті түрде оқу керек.

”Қожаның” прототіпі болған кісінің балалық шағы қалай өткендігіне күәгер болыңыз!

    4. Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша

«Ай мен Айша» романы ХХ ғасырда қазақтың басына түскен алмағайып уақыттардан сыр шертеді

   «Ай мен Айша» романы ХХ ғасырда қазақтың басына түскен алмағайып уақыттардан сыр шертеді. Балалық шақтың мұңлы сарыны құлағында қалған, соны осылай роман арқылы шығарған Шерхан Мұртазаның жан сырын түсінгім келеді десеңіз, бұл кітап сіз үшін!

    5. Сайын Мұратбеков “Жабайы алма”

   Сайын Мұратбеков әйгілі жазушы болған кезінде қала сыртындағы саяжайына барып, жазу жазады екен. Күз келгенде көршісінің жері мен екі ортада өсіп тұрған жабайы алма ағашының алмасын жинайтын көрінеді.
Алманың небір тәтті түрлері өсетін Алматының баурайында ашқылтым дәмі бар жабайы алманы ешкім керек қылмайды ғой, жазушының көршісі де өз ауласына түскен жабайы алманы термейді екен.

Сайын оларды да сұрап алып, жинап-теріп үйіне алып келеді екен. Неге өйтесің деп сұраған жұбайына «бала күнімізде қарнымыз ашқанда осы жабайы алманы жеуші едік, қазір бір жерден көрсем, бала күнгі досымды көргендей боламын, тастап кете алмаймын» деп жауап беріпті.

      6. Бауыржан Момышұлы “Ұшқан ұя”

Әлемдік деңгейде зерттелген әскери тактикасы, болмысы, сөз мәнерімен танылған Бауыржан Момышұлы:

“Өмірде қаншама ұстаздардан білім алдым, бірақ әжемнің тәрбиесіне жетпейді екен", - деп айтыпты екен.

      7. Ақберен Елгезек “Болмаған балалық шақ”

"Болмаған балалық шақ" повесі - 20 ғасырда емес, 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма
 Бұл кітапта Ақберен Елгезек қиялдан шығарып емес, өзінің балалық шағынан алынған оқиғалардан сыр шертеді. Жазушының балалық шағы сізді көзіңізден жас шығарып, баурап әкетпей қоймайды….

 

Бұл шығармалардың әрбірінен сіз өзіңізді де табасыз, себебі, бәріміз де кезінде бала болғанбыз. Ендеше, өмірдің тылсым сырларын қайта түсініп, мына дүниеге есейген, тат басқан темірдей сарғайған жүрекпен емес, балалық пәк көңілмен қайта қарап көрем десеңіз - бұл шығармалар сіз үшін! Осы және басқа да кітаптарды Қазына кітап үйінен таба аласыздар!

Себет
Қазына
Заказ в один клик
С помощью уведомлений о заказе можно не только получать актуальную информацию по заказу, но и иметь быстрый канал связи с магазином