6000,00 ₸
«Оң қол» әңгімесі автордың романтикалық дүниетанымынан хабар береді. Тылсым күшке, әлдебір құпияға деген құлшыныс жазушы шығармаларында романтикалық фантастиканы күшейте түскен. Адамның өзіне де беймәлім тылсым күштің адам өміріне эсер етуі қаламгер туындыларында екіұдайлық идеясымен байланысты. «Оң қол» эңгімесінде Алма өз еркінен тыс, түсініксіз күштің өміріне эсер етіп, өз қолының өзіне шабуыл жасауынан екіұдай күй кешеді. …
Бұл кітап этнопедагогика негізінде құрылған. Мұнда бесік жырынан бастап, батырлық дастандарға дейінгі аралықты қамтитын рухани мұралар жинақталды. Бесік жырын, жаңылтпаштарды, ертегілерді, аңыз-әпсаналарды, тақпақтарды отбасындағы әрбір ата-ана балаларына оқып беріп, олардың дәстүрлі дүниетанымын қалыптастыра алады. Сонымен қатар этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арналған.
Қолдарыңыздағы шағын еңбек мұсылман адамды уақытын тиімді пайдалана отырып, әрбір күнін жаңа мәлімет үйренумен өткізуге талпындырады. Кітап әрбір күнге бір аят, бір хадис, бір дұға және бір мақал ұсыну арқылы аз да болса бір істі күнделікті жасауға дағдыландырады. Кітап иман байлығын қалаған барша оқырманға арналады.
Отзывы
Отзывов пока нет.