Книга Әбдікұлы Т.: Оң қол
2200,00 ₸
«Оң қол» әңгімесі автордың романтикалық дүниетанымынан хабар береді. Тылсым күшке, әлдебір құпияға деген құлшыныс жазушы шығармаларында романтикалық фантастиканы күшейте түскен. Адамның өзіне де беймәлім тылсым күштің адам өміріне эсер етуі қаламгер туындыларында екіұдайлық идеясымен байланысты. «Оң қол» эңгімесінде Алма өз еркінен тыс, түсініксіз күштің өміріне эсер етіп, өз қолының өзіне шабуыл жасауынан екіұдай күй кешеді. Шығармада екіұдайлық қоғамдық мэнге ие болған. Болмыс жүмбағын шешу, таңғажайып құбылыстар, абсолютті толғам Т.Әбдіковты романтик-жазушы ретінде толғандырады.
«Оң қол» эңгімесі романтикалық сарындағы шығарма. Романтиктер үшін адам санасы — шешілмес күрделі қайшылықтардың, қарама-қарсы бастаулардың күрес алаңы. Романтиктертердің пікірінше, шешілмес қайшылықтар тек объективті болмыста ғана емес, тұлғаның ішкі әлемінде де тартысқа түседі. Қарама-қайшылық тереңдей келіп, бір кейіпкерді қақ жарады. Алманың бойында да әлдебір мүлгіген құпия тылсым күштердің қақтығысын көреміз. Бір адамның бойындағы екі әлем, екі «мені», екі қолы біріне бірі жау. Екіұдайы күй кешкен Алманың сол қолы «жұп-жүмсақ», тек жақсылыққа үмтылса, оң қолы «жылан» секілді ақырын жылжып келіп қызды қылқындырады, қалың ұйқы құшағына енгенде зұлымдық жасайды. Бір тұлғаның бойындағы қарсы екі түрлі күштің, оң қолы мен сол қолының арпалысын суреттеу жазушыға өмір құбылыстарындағы қарама-қайшылықты нақтырақ, көрнектірек суреттеуге мүмкіндік берген.
Отзывы
Отзывов пока нет.