“Сары Кітап 1931 — 32” Едіге Мағауин

4000,00 

Сары — қашанда қайғы, қасірет белгісі. 1931-1931 жылдарындағы жаппай Ашаршылық — қазақ халқының өткен тарихындағы «Ақтабан шұбырындыдан» еселеп асып түсті. Ол — қалай дегенмен де соғыс жағдайы, азаматтың қолында қорғаныс қаруы болды, сол тар заманның өзінде аштықтан, жоқшылықтан өлген төтенше жағдай сирек екен. Ал советтік замандағы, жұртшылықтың бірден-бір күнкөріс көзі — төрт түлік малды түгелдей тартып алып, бүкіл қазақ халқын қатарынан екі-үш жыл бойы жоқшылық құрсауында қалдыру — адамзат тарихында болмаған жаппай Ашаршылыққа ұшырату, нәтижесінде әлденеше миллион адамның жер жастанып, Қазақ Даласының қаңырап қалуы — арнайы, қасақана ұйымдастырылған геноцид екені даусыз. Қолыңыздағы «Сары кітап» — сол бір қасіретті жылдарды басынан өткерген тікелей куәлардың көзкөрген жазбалары. 1989-1994 жылдар орайында республикалық әдеби «Жұлдыз» журналында жарияланған естеліктер енді жинақталып, жалпы жұрт алдына қайыра тартылып отыр. Кітаптың авторлық құқығы — кезінде осы қажетті, ізгілікті шаруаны жүзеге асырған «Жұлдыз» журналының иелігінде. Бұл сөз осы кітапты құрастырушыға да тікелей қатысты.

Артикул: 5010156 Категория:
Вес 0,382 кг

Отзывы

Отзывов пока нет.

Будьте первым, кто оставил отзыв на ““Сары Кітап 1931 — 32” Едіге Мағауин”

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

0