«Сырдария кітапханасының» құрамында беріліп отырған белгілі жазушы Айтбай Хангелдиннің шығармалар жинағының бірінші томына «Табысқан тағдыр» романы мен «Дударай» операсының либреттосы еніп отыр.«Табысқан тағдыр» романының желісіне өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмысы – аштық жылдары мен ұжымдастыру кезіндегі қиыншылықтар, Қарағанды тәрізді алып өндірістің қайта жанданып, қазақ жұмысшысының қалыптасуы, осы тұстағы халықтар достығы, жастар махаббаты арқау болған. Жазушының соғыстан бұрын жазылған «Дудар» атты драмасы кейін композитор Е.Брусиловскийдің «Дударай» операсына либретто етіліп қайта жазылды. Бұл туынды осы күнге дейін қазақ опера өнерінің шырқау биігіне шыққан шығарма ретінде сахнадан түспей келеді. Операда халықтар арасындағы достық, жаңа өмір жолындағы бірлескен күрес, махаббат жырланады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Описание