Кітапта ХX ғасырдың басындағы қазақ ғылымының қалыптасуына елеулі үлес қосқан Ахмет Мамытұлының еңбектері алғаш рет жинақталып беріліп отыр. Жинақта «Кеңес» атты өлеңдері мен аудармалары, «Әйелдерге кеңес», «Соз ауруы», «Теңге қотырдан сақтану жолдары», «Тырақома (көз ауруы), «Денсаулық жолында», атты төл туындыларымен қатар аудармалары, мақалалары қамтылған. Еңбек медицина, биология, ауыл шаруашылығы, тарих, терминология, емле, қазақ әдеби тілінің тарихы мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.