ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, азаттық жолында күрес көрігін қыздырған Алаш азаматтарының мерзімді баспасөзде жарық көрген көсемсөз мұралары ел тарихын терең білумен бірге бүгінгі күні де өзекті болып отырған ұлттық мәселелердің оң шешімін табуына пайдасы зор. Ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «қазақтың тірі я өлі болу мәселесі» деп қазақ қоғамы алдына өткір қойған жер мәселесі қазір де өте өзекті. Жинақта «Түркістан уалаятының газетінен» бастап «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының жер мәселесіне қатысты құнды материалдары топтастырылған. Кітап ұлттық құндылықтың бірегейі саналатын жер мәселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нәр алғысы келетін жалпы оқырманға арналады.
Описание