Француздың ұлы жазушысы Виктор Гюгоның кең ауқымды эпикалық «Аласталғандар» романы басқа да шығармаларындағы секілді басты кейіпкерлер қақтығысы қайырымдылық пен зұлымдық айқасының романтикалық идеясымен ұласады, әлеуметтік проблемалар этикалық ретпен үндеседі. Жан дүниесінде Құдайды құрмет тұтудан өзге қылаудай міні епископ Мириэль, әлеуметтік өмірде тек заң мен құқықты бәрінен жоғары қоятын инспектор Жавердің ұстанған қағидаттары мен іс-әрекеттері басты кейіпкер Жан Вальжанның тағдыры арқылы сыналады. Ақырында епископтың мейірімділік заңы Жавердің қатаң құқықтық ұстанымынан басым түседі. Атақты романында Гюго тіршіліктің мәні материалдық өмір емес, имандылық екенін алға тартады. Кезінде орыс әдебиетінің алыбы Лев Толстой француздың таңдаулы романы деп бағалаған бұл шығарма қай заманда да өз құнын жоймақ емес.
Описание