Ерекше дарын иесі, қазақтың көрнекті мифолог ғалымы Серікбол Қондыбайдың (1968 - 2004) 50 жылдық атаулы тойына бағышталып отырған бұл туынды - рухани өміріміздегі тың жаңалық, соны бастама. Зерделі зерттеушінің соңында қалған мол мұрасынан байырғы қазақ дүниетанымына, оның шежірелі тарихы мен түрлі даму белестеріне қатысты пайымдаулар «Табиғат», «Адам» және «Қоғам» тақырыптарына топтастырыла отырып, жүйелене сұрыпталған. Және сол өзекті тұжырым, болжамды ізденістерге редакция тарапынан ғылыми түсініктер мен қажетті толықтырулар жасалған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қызу қолға алған тұста жарық көріп отырған бұл еңбекте көтерілген ұлттық бірегейлік, ұлттық код, ұлттық ой-сана мәселелері тарихи таным-біліміміздің көкжиегін кеңейте түспек, болашақ атқарылар жаңа жобаларға беташар үлгі-нұсқау болмақ. Кітап Ел болашағына бейжай қарамайтын өрелі оқырманға, жаңарған Қазақстанның жаңа буын жастар қауымына арналған
Описание