Жазушының бұл томына енген пөвестерде адамдардың сан қырлы сәттері суреттеледі. "Балалықтан бір адымда" онжылдықты жаңа бітірген бозбала жігіттің сыныптас қызына жасаған алғашқы адамдық қамқорлығы сүйіспендік сезіміне ұласып жатса, "Арызда" атамекеннің тарихына селқос қарау өз халқыңның өткенін ұмытуға соқтыратыны ашына айтылады. "Беу, қыз дәуренде" өз қиялындағы Алпамысына кездеспеген Гүлбаршын қыздың сәтсіз сүйіспендігі сөз болса, "Жайлаудағы жиырма күнде" туған жерге деген азаматтық, перзенттік сезім баяндалады. Жазушының әңгімелерінде жастар сүйіспендігі адалдық, кісілік, қамқорлық секілді адамдық қасиеттермен астастырыла суреттеледі.
Описание