Ж.Шәкенұлының бұл жаңа кітабына «Бозмұнар» романы мен үш хикаяты кірген. Шығарма арқауы бүгінгі күннің тақырыбын өзек етіп, онда өмірдің нәзік болмыстары, махаббат, шекара аталатын қызыл сызықтың кесірінен тағдыры талқыға түскен жандардың аянышты халі бәр-бәрі көркемдікпен бейнеленген. Соның ішінде шеттегі қазақтың бастан кешкен ауыр күндері, атамекенге оралу барысындағы әр түрлі көңіл-күйлері мен сан қилы сынақтағы сындарлы сәттері біршама терең суреттелген. Нарықтық экономика дәуіріне дүп келген қандастарымыздың Алматыдай ірі қаладағы бастан кешкендері арқылы жаңадан еңсе көтерген қазақ елінің басынан өткен мұнарлы күндер бейнесі де бірден көз алдыңызға келеді. Жазушы шығармасы психикалық иірімдер мен философиялық ой түйіндері арқылы адамның жан дүниесін ғана емес өзіміз өмір сүріп отырған ортаның қыры-сырын кеңінен ашып, адамдық, адалдық, имандылық шежіресін шертеді. Тарихи мағлұматтары да мол. Қалам иесінің бейнелеу жағындағы өзгеше қолтаңбасы менмұндалап отырады.
Описание