«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғаш рет қолға алынып отырған «Әдеби жәдігерлер» сериясының 1-томында көне түркі әдебиетінің сақ-ғұн заманынан жеткен үлгілері, Қытай жылнамаларындағы ежелгі түркілердің салт-дәстүрі мен тарихына, мәдениетіне байланысты тарихи баяндар, Түркі қағанаты тұсындағы әдеби жәдігерлер, атап айтканда, Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сияқты атақты елбасылары мен қолбасшыларының түркі жұртының бірлігін сақтау жолындағы ерлік істеріне арналған жырлар, IX-Х ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері, «Оғыз-нама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы», Әбунәсір әл-Фараби туындылары енгізілді. Томда Монғолия, Қытай, Алтай өнірі мен Қазақстаннан табылған көне түркі жазба жәдігерлері, қытайдың «Жиырма төрт тарих» атты ресми жылнамаларындағы көне түркілерге байланысты тарихи-мәдени баяндар, көне ұйғыр әрпімен түркі тілінде жазылған «Хуастуанифт» манихейлік дұғасы алғаш рет жарияланып отыр.
Описание