Дұңхуантану - бұл Қытай Халық Республикасының Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі мәдени ошақтарының бірі - Дұңхуан аймағындағы үңгірлерден табылған III-ХI ғасырларға тәндік тарихи жәдігерлерге, құжаттарға сүйене отырып жүргізілген және әлі де зерттеу істері жалғасып жатқан шығыстану ілімнің бір саласы.Бұл дәрістерден ортағасырлық Қытайдың және оған іргелес Орталық Азия елдерінің тарихы, мәдениеті, діндік ұстанымдары, кәсіпкерлігі, қолөнері, әдебиеті жөнінде ауқымды мәліметтерді алуға болады. Дұңхуандағы археологиялық қазба жұмыстарының жандануы, қазба орындарының мемлекет қорғауына алынуы, Қытайдың және әлемнің әр түкпіріндегі ірі қалалардың мұражайларында, мәдени мекемелерінде сақталған Дұңхуанға қатысты құжаттардың, жібекке салынған суреттердің, қолжазбалардың жариялануы дұңхуантану ілімінің дамуына үлкен серпін бергені рас. Дұңхуантану бойынша қазақ тілінде алғаш рет жарияланып отырған бұл еңбек оқырмандардың қызығушылығын тудырады деген сенімдеміз. Дәрістер жинағын Қырғыз Республикасындағы «Шығыс әдебиеті және өнері» баспа компаниясының» редакциясы әзірлеп, жарыққа шығарды.
Описание