Бұл кітап сізді дүниежүзілік тарих көшінің басты оқиғаларына жетелейді. Мұнда адамзат тарихы, 22 миллион жыл бұрын адамзаттың пайда болуы, сонау алғашқы қауымдық құрылыстан өркениет заманына дейінгі, тас дәуірі, қола дөуірі, темір дәуірі туралы тың мәліметтер, дүние жүзінде орын алған әйгілі тарихи оқиғалар туралы материалдар жинақталған. Энциклопедияда Ежелгі Қытай, Ежелгі Мысыр, Ежелгі Рим, сондай-ақ Америка, Жапония, Ирландия, Америка, Британия, Парсы елі, Үндістан елдерінің даму өркениеті, әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани даму үдерістері, мифологиясы мен археологиясы баяндалады. Ежелгі Мысыр перғауыны Тутанхамон, Клеопатра патшайым, Одиссей патша, Юлий Цезарь сияқты тарихи тұлғалар туралы тың деректер де қызықты мазмұндалады. Сондай-ақ тарихи дамудың көне дәуірінен қазіргі кезеңге дейінгі өркениет, Майя аңыздары, Будда, әлемдік державалардың рәміздері мен таңбалары, алғашқы Олимпиада ойындарының қайда өткізілгені, әлем елдерінің БҰҰ-мен қалай жұмыс жасайтыны туралы деректермен де таныса аласыз. Кітапты оқи отырып, өзіміз өмір сүріп жатқан әлемнің озық жетістіктерінен де хабардар боласыз. Бұл кітаптағы 2000-нан астам дерек жүздеген иллюстрациялар, диаграммалар және карталар арқылы ұғынықты да мазмұнды бола түскен