Жинақ әдебиеттанушы ғалым Ақжол Қалшабектің соңғы 20жылкөлемінде жазылған мақала, ғылыми баяндамаларынан тұрады. Кітаптың қамтыған мәселелері: әдебиет, өнер, ұлттық тарих, дін, шежіре, қоғам, өркениет, рух, елдік т.б. туралы сан-алуан, қым-қиғаш, кең, ауқымды болып келеді. Бұндай дүниелерге құлаштап қалам сілтеу оп-оңай, жайдан-жай бола салмайды. Бұның бәрі автордың бұрыннан ой толғап, Қазақ елінің болашағы мен өткенін, бүгінгі жайын бірдей саралап, соған бас ауыртып, жүрек тербеп барып кірісетін нәрселер деуге болады. Қандай тақырыпта болмасын, қандай өрнекпен жазылмасын жазылған дүниелерден елім, жерім деген толғаныстардан туған азаматтың шынайы қолтаңбасын көреміз.