«Ғұлама-наме» – трилогия. Бірінші кітап – хакім Абайға, екінші кітап – данышпан Шәкәрімнің Ар біліміне, үшінші кітап – кемеңгер Мұхтарға арналған. Абай, Шәкәрім, Мұхтар қазақтың төл мәдениеті тарихындағы «бір сөйлем секілді» құбылыс. Абай сөйлем бастауышы болса, Мұхтар мұрасы – баяндауыш, Шәкәрімнің «Ар білімі» сөйлемдегі ойдың анықтауышы. Біртұтас ғажап әлем – қазақтың ғұламалық әлемі. Автор үш тұлғаның шыққан топырағы Атамекендегі ғұламалық дәстүрге беташар бөлімінде қысқаша талдау жасаған. Олар арғы заман Сақ ойшылы (б.з.б. V-VII) Анахарсис, пәлсапалық ойлау жүйесінің негізін салушы Әбу Насыр әл-Фараби және түрік дәуір ойшылдары: Иоллығтегін, Қорқыт, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұндар – қазақ Ұлы Даласындағы ғұламалық дәстүрдің тарихи-рухани сабақтастығының үзілмеген үлгісі».
Описание