Көрнекті ақын, ағартушы, философ, қазақ баспасөзін қалыптастырушы түлға, дін қайраткері Ғүмар Қараштың (1875-1921) шығармалар жинағының алғашқы томына ақынның көзі тірісінде шыққан «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Бала түлпар» (Уфа, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) жинақтарына шыққан өлеңдері, жарияланбаған «Кырғи» жинағындағы өлеңдер, ақынның «Қазақстан», «Айқап», «Қазақ», «Ұран», «Хабар-Известия», «Казақ дұрыстығы-Киргизская правда», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім», «Шора» т.б. мерзімді басылымдарда жарық көрген шығармалары топтастырылды. Сондай-ақ Ғ. Караштың жинақтауымен басылған «Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары» (Орынбор) және «Көксілдер яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батырлары уа ғейри (және әр түрлі) мағналы жырлар» (Орынбор) атты жинақтар да осы жерде толық түрінде берілді. Бұған қоса Ғұмар Қараштың ел аузынан жиналған, шәкірті Ахмади Есқалиев, зерттеушілер Мұстафа Ысмағұлов пен Гүлжау Сүлтанғалиева, немересі Надежда Карашева жинақтаған бірқатар шығармасы да осы жинаққа топтастырылды.