Өнер өлкесінде өзіндік орны бар Базаркүл Әжіқожаеваның қолдарыңыздағы «Иманды болу парызың» жыр жинағынан уақыт пен бірге ақынның лирикалық мені де есейген, азаматтық ұстанымы айқындала түскені байқалады. Мәңгілік уақыт көшінде адам ғұмыры тым келте, көзді ашып- жұмғанша өте шығады. Бәріміз де бір-бірімізге қонақпыз, дүние жалғанда бір-біріміздің қадырімізге жетіп, сыйласып, сырласып өткенге не жетсін! Оттан да ыстық Отан-анамыздың, осынау алып ұғымды құрайтын құрамдас бөліктері - ұлтымыздың тарихи діңгегін құлатпай бүгінге жеткізген, есімдері аңызға айналған ата-бабаларымыз бен бүгінгі күннің қаһармандары-замандастарына, ата-ана, ағайын-туған, дос-жаран, әріптестеріне деген ыстық ықылас, риясыз көңілін жыр жолдарына түсіреді.
Описание