«Қанатты сөз - қазына» - бұл кітапта халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздер мен тәлімді сөз тіркестерінің қалай,кайдан шыққанын ел аузындағы аңыз-әңгімелер мен ертегілер,шешендік этюдтар аркылы көрнекі мысал ретінде кестелеп беруге тырыстық. Қанатты сөздердің көбі халық өмір-тіршілігімен біте қайнасып ерте заманнан келе жаткандықтан, мән-мағыналары мен жекелеген сөздері ескіріп, көмескіленіп, ұғынып-түсінуге киындық тудыратындай дәрежеге жеткен. Сол себептен, әр әңгіменің басында немесе соңында олардың түсіндірмелерін де қоса беріп отырмыз.Туған тіліміздің көркем кестелері мен терең сыр-сипаттарын ұғынып-түсінуге ұмтылған балаларға, жастарға, көпшілік қауымға бұл кітаптың берер қазына-байлығы аз болмас деп ойлаймыз.«Қанатты сөз - казына» негізінде үш кітаптан тұрады. Алдарынызға тартып отырған бірінші кітабында жоғарыда айтып өткеніміздей, канатты сөздерді халық ауыз әдебиетіндегі қызықты ертегі-мысалдар арқылы өрнектеп түсіндірген едік. Екінші кітапта қанатты сөздердің шығу тегін өзіміздің шығармашылық киялымыз арқылы этнографиялық қызықты әңгімелер түрінде кестелеп, түрлендіріп беруге тырыстық. Ал үшінші кітапта қанатты сөздердің шығу тегін халқымыздың этнографиясы мен тарихы, салт-дәстүрінен алынған мысал-деректер негізінде түсіндіріп, топтастырдық.Қалған екі кітапты да көп кешіктірмей шығаруға дайындап отырмыз.
Описание