Бұл кітапта топан судан кейін Адам (а.с.) атаның ұрпақтарының қазіргі Алатау мен Қаратаудың баурайындағы Сайрам мен Талас маңындағы Қарақұрымға келген кезінен бастап біздің заманымыздың XVIII ғасырына дейінгі Ұлы Далада өмір сүріп, тіршілік еткен түркі тайпаларының түрлі тармақтарға бөлінуі, олардың ішінде қазіргі қазақ халқын құратын рулардың пайда болуы мен кейінгі тарихы, түркі тайпаларының бүкіл Евразия құрлығына тарауы, әр тармақтың ата-қоныстары, құрған мемлекеттері, хандық династиялары, мұғул тармағынан шыққан Шыңғыз хан мен Әмір Темірдің ата-бабасының қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс пен Мұзтаудың ежелгі замандарда Бұрқан Қалдүн деп аталатын тауларынан бастау алатын Бұқтарма, Қара Ертіс және Күршім өзендерінің алқабына VII ғасырда қоныс аударған ата-бабасының шежіресі, Шыңғыз ханның Ертістің бойындағы Қарақұрым жазығындағы ордасы, ол жерде оның ұлы Үгетай қағанның салдырған Қарақұрым қаласы, олардыXIX-XX ғасырларда бұрмаланған тарихы, Шыңғыз хан мен оның Жошы, Шағатай, Үгетай мен Төле атты ұлдарының әлем елдерін жаулап алып, олардың ұрпақтарының ол елдерді бірнеше ғасырлар бойы билегені, олардың әлем халықтарының экономикасы мен мәдениетіне жасаған ықпалы, Шыңғыз ханның өзінің көзі тірісінде жаулап алған елдерді аталған ұлдары мен туыстарына бөліп бергені, оның ата-бабасы мен әулетінің Берелдегі және оның маңындағы «Ұлы қорығы», Шыңғыз ханның алғашқы мыңдығын құрап, кейіннен оған және оның ұрпақтарына ғасырлар бойы тірек болған жалайыр тайпасы мен ол тайпаның тарихта аттары қалған даңқты 172 баһадүрлері туралы нақты деректер, 1269 жылы Шыңғыз ханның немересі Қайду хан шақырған Талас құрылтайының шешімінің негізінде Жошының ұрпақтаы билеген Ұлы Ұлыс (Алтын Орда), XIV ғасырда Шағатай ұлысында дулаттар билік еткен Мұғулстан (Моғолстан) мен барлас руынан шыққан Әмір Темір құрған мемлекеттердің пайда болуы жайлы, 1465 жылы «Қозы басы» жерінде Жошының ұрпақтары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруы, XVI ғасырдың басында Жошының Дешті Қыпшақтың ханы болған Әбілқайыр деген ұрпағының немересі Шайбан ханның Әмір Темірдің ұрпақтарын тақтан тайдырып, ол жерде Дешті Қыпшақтан барған «өзбек-қазақ» деп аталатын рулардың мемлекетін құрғаны, Қазақ хандары Бұрындық пен Қасым ханның Шайбан ханмен соғыстары, Түркістан қаласының екінші Мекке аталуының себептері мен тарихы, Қазақ хандығының дәуірлеуі мен әлсіреуі, олардың себептері, түркі, қазақ, шағатай, қыпшақ және өзбек тілдерінің айырмашылықтары жөнінде көптеген, бүгіні күнге дейін халқымызға белгісіз болып келген аса құнды баға жетпес деректер бар. Сондай-ақ, еңбекте жалайырдың қайшылы атасынан шыққан атақты да данқты Бөріғұл ноян мен оның мұрагер ұрпағы болып келетін Қайшылы баһадүр жайлы тың деректер келтірілген. Бұл кітапты оқыған адам, мұның түркі тайпалары мен олардың құрамындағы ата-бабаларымыздың көне дәуірлердегі және ортағасырлардағы өмірі мен тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жан-жақты қамтылып, шынайылықпен баяндалған аса керемет еңбек екендігіне көз жеткізеді.