Қазақ ауыз әдебиетінің асыл үлгілері жас ұрпақты тәрбиелеуге орасан зор қызмет атқарады. Ал ауыз әдебиетінің аса маңызды бір саласы - балалар фольклоры болып табылады. Ана әлдиіне, бесік жырынан бастау алатын балалар фольклоры сәбидің азамат болып қалыптасқан кезеңіне дейін тіл ұстартып, ұлттық тәлім беріп, балдырғандардың қиялына қанат бітіреді, оның азаматтық тұлғасының қалыптасуына шынайы әсер етеді. Бұл кітапқа ғасырлар бойы атадан балаға ауызша жеткен асыл қазынамыз - балалар фольклоры жүйелі топтастырылған. Оқырман қауымының жас ерекшелігін ескеріп іріктелген өлеңдер мен тақпақтар, санамақтар мен қаламақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, мақалдар мен мәтелдер, аңыздар мен ертегілер өзінің шұрайлы тілімен, тапқыр шешімімен, қызықты оқиғасымен баурап алады.
Описание