2011 жылы « Өнер » баспасы сонау - ежелгi мыңжылдықтардан бастап , күні кешегі кезеңiмiзге дейiн қазіргі қазақ даласында өмір сүрген және ХХI ғасырдағы қазақ жұртының рухани , мәдени , тарихи арнасына тiкелей қатысы бар тұлғалар туралы қилы - қилы дереккөздерден жинақтап , « Қазақ халқының тарихи тұлғалары » атты қысқа анықтамалық кітаптар сериясының 1 - кітабын жарыққа шығарған болатын . 2013 жылы сол серияның 2 - кітабын дайындап , қолдарыңызға тапсырғанбыз . 1 - кітапта жіберілген кейбір селкеуліктерді реттеп , кейiнгi жолы бiз алфавиттік ( әліпбилік) қатарды емес , топтама тарауларда жинақталған тұлғалардың өмір сүрген кезеңін ( ғасырлар , онжылдықтар , жылдар , т.б. ) алдымызға негiзгi арқау етіп ұстадық . Және бұған қоса , 1 - кітапта өмірдеректерi келтiрiлген тарихи тұлғаларды 2 - кітапта кайталамауға тырыстық . Ал , мына « Қазақ халқының тарихи тұлғаларының » 3 - анықтамалық кітабы бастан - аяқ тек Адамзат тарихындағы қасиетті аналарға , соның iшiнде қазақтың абыз - аңыз аналары мен ұлтының ар - ұяты болған , көш бастаған , қалың елдің туы болған ару қыздарына арналып отыр . Осы қысқаша анықтамалық - есімдері көне дәуірлер қойнауынан бүгiнгi күнге дейін жеткен қазақ халқының тарихи тұлғаларының өмірдеректері , олардың кейінгі ұрпақтарға қалдырған рухани мұралары , мүмкіндігінше , толық қамтылған жинақ . Баспа деректерді жан - жақты жинақтап , зерделеп , оқырманға әрбір есімнің өзіндік болмысын нақтылап ашатындай етiп беруге тырысты . Бұл кітап Елім , Халқым , Жерім деп тебіренетін әрбір қазақтың төрінен де , жүрегінен де өз орнын алатындығына нық сенiмдiмiз .