Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаевтың (1937-2009) бұл жинағында қазақ тіл білімі синтаксисіндегі сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы және тілдік колданыстағы өзіндік ерекшеліктері жан-жақты сөз болады. Автордың бұл кітабына топтастырылып берілген әрбір еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тәсілдері, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. Осы мәселелерге қатысты қазақғалымдарының ой-пікірлері кезең-кезеңмен талданып берілген. Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркологиядағы синтаксис мамандарының осы мәселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды тұстары талданып көрсетілген. Кітап жоғары оқу орны филология саласы оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, ізденушілерге арналады.
Описание