"Қазақ ру-тайпаларының тарихы" ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көріп отырған төртінші том - "Керейт" атты еңбекте ерте ортағасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Керейт тайпасының тарихы баяндалған. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Түрік қағанаты тұсында батысқа жылжыған керейттердің арғы бабаларының тарихи тағдыры, олардың қыпшақ, башқұрт және ноғай бірлестіктеріндегі, Алтын Орда құрамындағы және ол ыдырағаннан кейінгі Моғолстан, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы тұсындағы этникалық процесстердегі, ұлт-азаттық қозғалыстарындағы орны мен рөлі көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған "ақтаңдақ" мәселелер - Керейттердің этникалықтамыры, тайпаның шежіре деректері, түркі халықтарында және қазақжерінде шашырай орналасуының себеп- салдары және т.б. көптеген тың мәліметтер негізінде баяндалған. Том тарихи суреттермен, карталармен, ғылыми аппаратпен, көрсеткіштермен жабдықталған. Тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, еліміздің, қазақ халқының күрделі тарихының этникалықмәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.
Описание