Адамның болмысы, арманы, қуанышы, мұңы, үрейі мен үміті… Өзге түгілі өзінен жасырған сыры. Өткені мен ертеңі. Бары мен жоғы. Тапқаны мен айрылғаны. Күткені мен жетпегені. Сезімі мен сенімі. Айтқаны мен айтпағаны. Айтылмай қалған сыр. Ашылмай қалған құпия. Сананың терең түкпірінен суырыла шығып, жаныңа қылбұрау салып шырылдататын өкініштің тұтқынына айналмау үшін кеш қалма. Жас жазушы Торғын Жолдасбекқызының бұл шығармасы оқырманды ертегі әлеміне жетелей отырып, адам жанының терең қатпарларын шарлатады. Әр кейіп- керден өзіңізді тануға, жаныңызды мазалап, көңіліңізді алаң қылған сұрақтарыңызға жауап табуға кеш қалмаңыз.
Описание