«Уақыт тынысы» атты еңбекке әуезовтануға үлкен үлес қосқан белгілі ғалымдардың таңдаулы ғылыми жұмыстары еніп отыр. Кітапқа кірген Л.М.Әуезованың «М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының проблемалары» атты монографиясында М.Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясының тарихи негіздері, роман кейіпкерлерінің прототиптері жан- жақты ғылыми талданған. Бұл қазақ әдебиеттануының осы бағыттағы алғашқы күрделі зерттеуі. К.Сыздықовтың «Мұхтартанудың беймәлім беттері» деген монографиясында М.Әуезов шығармаларының ақтаңдақтары қаралып, ұлы суреткердің әдеби сындағы, әдебиеттанудағы бұрын белгісіз болып келген шығармалары зерттелген. Кітап ғылыми жұртшылыққа, қалың оқырман қауымға арналған.
Описание