Түркі халықтарына ортақ көкпар ойыны мен командалық көкпар ойыны тарихы туралы кеңінен қамтылған бұл кітапта оқырманға қызықты мәліметтер мол. Кітаптың бірінші бөлімінде көкпардың ежелгі ғасырлардан бастап ойналғанын дәлелдейтін және көкпардың спорттық ойынға қалай айналғанын нақтылайтын деректер келтірілген. Ал, екінші бөлімде алпыс жылдан астам тарихы бар командалық көкпар ойынының қалыптасуы мен дамуы, халықаралық деңгейге көтерілуі баяндалады. Әсіресе, бұл бөлімде көкпардан 2013 жылы ұйымдастырылған I Азия чемпионаты мен 2017 жылы өткен I Әлем чемпионаты жайлы мәліметтер мен фотосуреттер, халықаралық жарысқа қатысқан мемлекет командалары туралы тартымды деректер мол жарияланған. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының бастамасымен жарық көрген бұл кітап көкпар тарихын жүйелі баяндауға күш салған алғашқы басылым болуымен құнды. Кітап ұлттық ойын жанкүйерлері мен көпшілік оқырманға арналған.
Описание