«Біз кімбіз, қайдан келдік, қайда барамыз?» саналы тірлік табалдырығын аттағаннан бері осы сауалдың адамзат баласын толғандырып келе жатқаны мәлім. Сократтың: «Менің бар білетінім – түк білмейтінім ғана» деуі - Құдаймен тілдескен құдірет иесінің сыпайыгершілік үшін жалған тәлімсуі емес, дүние сырын қапысыз зерделеп барып, тереңнен түйген тұжырымы. Иә, айналамыздағы жаратылыстың жұмбағы шексіз, маржанын сүзіп қалай сүңгісең де тереңдей беретін тұңғиық, түпсіз тылсым. Әлмисақтан бергі осынау ізденіс, талпыныс барысында сана соқпағы бұралаң-бұрмасы көп небір өткелектен өтті. Сондықтан адамзат мәдениетінің тарихын, бір есептен, дүние танымының көрінісі десек, ақиқаттан ауытқымаспыз.
Описание