Халықаралық «Дарабоз», республикалық «Астана - Бәйтерек» конкурс- тарының лауреаты, көптеген әдеби жабық бәйгелердің жеңімпазы, жеткіншектерге етене жақын қаламгер өзінің жаңа жинағында: мына алмағайып заманда жас буынның сүрініп-қабынбай, мүлт кетпей, дұрыс жол таңдауына қалай көмектесуге болады деген сұрақтың жауабын іздейді. Ол кім-кімді де ә дегеннен-ақ еліктіріп ала жөнелетін тартымды оқиғаларға құрылған шығарма кейіпкерлерінің күйініш- сүйініштері, қам-қарекеттері арқылы оқырманның өзі ой түйіп, өз байламын жасауға мүмкіндік береді. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ой елегінен өткізген балдырғанды жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге талпындырады.
Описание