Қаратаудан Алматыға арман қуалап келген Ерасыл университетті тәмамдаған соң, Қытайдан тауар тасумен ай-налысатын ірі компанияның менеджері болып жұмысқа орналасқан. Бірақ, ашық-жарқын, кез-келген ортаға сіңісіп кететін, қыздармен жиі қыдыратын Ерасылды Алматы «жұ-тып», томаға тұйық, ешкіммен артық ауыз тілдеспейтін, жұмысына тік барып, тік қайтатын жігітке айналдырғалы бері оның бір күні екіншісінен айнымайтын, қайталана бе-ретін сұр тіршілікке айналып, ештеңе сезінбейтін болған. Әріптестері оның үнемі өзімен-өзі жүретініне үйрен-генімен, компанияға жаңадан келген ақтаулық ару – Элина, Ерасылды сөзге тарта береді. Жігіттер оның сұлулығын мойындағанын, құрметтегенін қалайтын қызға Ерасылдың ешкімнің көңіліне қарамай, дүңк еткізіп айта салатын мінезі мүлдем ұнамайды, әйткенмен өмірге тіке қарай алатын шы-найылығы – бойжеткенді магнитше тартады да, тұрады. Бірақ, түрлі тағдырды арқалап, кеңсе-кеңістікте түй-іскен екі адам-нүкте координаттағы сол орындарын сақтай ала ма?..