Құрметті ата-аналар және ұстаздар!
Біз ұсынып отырған «Мен және қоршаған орта» кітабын сатып ала отырып, Сіз балаңыздың қиялын шыңдап, ақыл-ойын дамытасыз. Балалардың өмір жайлы сан түрлі сауалдарына жауап бере аласыз.
Аталмыш кітап табиғаттағы түрлі құбылыстар туралы, адам мен қоршаған орта арасындағы табиғи үндестік жайлы сыр шертеді. Жас оқырмандарға адамның өмірге келуі, өсуі, дамуы жөніндегі мағлұматтар бере отырып, оларды аспан, жер және су асты әлемімен таныстырады. Жер бетін мекендейтін түрлі халықтар, олардың салт-дәстүрлері, ұлттықерекшеліктері жөнінде қызықты мәліметтер береді. Балалардың келешекте мектеп бағдарламасын жеңіл меңгеруіне ықпал етеді.
Балдырғандар өзін-өзі және айналадағы қоршаған ортаны танып, білу арқылы сөйлеуге, ойлауға, санауға, сурет сала білуге және адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Бұл кітапты балаңызбен бірге оқи отырып, Сіз балаңыз үшін ғана емес, өзіңізге де қажетті және пайдалы мағлұматтар ала аласыз.
«Мен және қоршаған орта» кітабы Сіздің балаңыздың бірінші сыныпқа арналған ауқымды материалдарды игеруіне, оның өмірге және қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді деп үміттенеміз.