Траги-комедиялық сарында жазылған бұл роман өзінің көркемдік тосын сипатымен ерекшеленеді. Шындық пен қиял, өң мен түс, әжуа мен мұң, мистика... мидай араласып, оқушыны сан қилы шарпысқан сезімге бөлейді. Күлесіз, күрсінесіз, өмір басқаша бір өң-бояумен құбылып көз алдыңыздан өтіп жатқандай күй кешесіз. Бас кейіпкер Тауфих - болашағынан зор үміт күттірген білімді азамат, білікті маман. Азаттықтың алғашқы жылдарындағы аумалы-төкпелі кезеңде жұмыссыз қалып, сергелдеңге түседі, қилы уақиғаларды бастан өткереді... Әділетсіз қоғамның шеңберіне сыймаған шын таланттың шырғалаң тағдыры арқылы жазушы рухани-әлеуметтік болмысымыздың қалтарыс-қатпарына ой сәулесін түсіріп, оқушы көкірегіндегі сан-алуан сауалға түрткі салады. Шығарма 2016 жылы «Алтын қалам» конкурсында «Үздік роман» номинациясы бойынша Бас жүлде алған.
Описание