Қазақтың шетелдердегі саналы жастары еліміздің тағыдырлы, түбірлі мәселелеріне жиі назар аударады. Әсіресе Шығыстағы көршіміз Қытай елінде өсіп, сол елде оқып, бүгінгі таңда әлемнің әр жерінде білім қуып жүрген бір топ дарынды азаматтар мұнай саласындағы білген білімін жинақтап, орыс, қытай тілдеріндегі аса өзекті мағлұматтарды қазақ тілінде қайта жазып, байтақ отаны - Қазақстанға сый ретінде ұсынғысы келеді. Мұнай адамзаттың жан тамыры, Әсіресе, экономикасы мұнай мен газға айырықша арқа сүйейтін еліміз жөнінен бұл саланың құпясын игерудің жөні тіптен бөлек. Қолыңыздағы бұл кітапша еліміздің Мұнай мен газ саласындағы шағын түйткілдердің бірі болса да жауабын табуға талпынған, талантты қандас жастарымыздың еліміз тәуелсіздігінің отыз жылдығына ұсынып отырған тартуы. Кітап аталған саланың ғылыми қауымына және көпшілік оқырмандарға арналады.
Описание