Халқымыздың рухани өркендеуінің, мәдениетінің сарқылмас бір саласы - ән өнері. Ән- халқымыздың ежелгі рухын, тарихын, жан дүние сүлулығын, мейірімін, ізденісі мен махаббатын, іңкәр ықыласын бүгінгі үрпағымызға жеткізіп тұрған үлкен халықтық мұра. Сан ғасырлық тарихы бар ән өнері сұрапыл ғасырлар ағымының небір қатал сындарынан өтіп, ұлттық, көркемдік сипаты сақталып, жаңа - XXI ғасырда да халық рухының алтын діңгектерінің бірі болып қалыптасты. Бұл күндері кешегі Мәди, Әсет, Балуан Шолақ, Әміре, Жамбыл мен Кенендердің өнер жолын үстанып, халық арасында өз әндерімен ерекше бағаланып жүрген әнші-композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Алтынбек Қоразбаевтың әндері барша халықтың көңілінен шығып, өз орнын тапты. Алтынбек бүгінде, шын мәнінде, халық композиторы биігіне шыққан ерен тұлға. Бұл - композитордың халық арасына кең тарап кеткен өзі бұрындары және соңғы кездері шығарып, нотаға түсірген музыкалық шығармаларының (әндері мен күйлерінің) толық жинағы. Кітап жоғары және орта музыкалық білім беретін оқу орындарына, зерттеушілерге, музыка мамандары мен барша әнқұмар азаматтарға ұсынылады.