Көрнекті ғалым Рақымжан Елешұлы Елешевті ТМД-дан тыс басқа да елдердің ғалымдары жақсы біледі. Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының, Қазақстан Ауылшаруашылық академиясының, Ресей Ғылым академиясының, Москва қаласы халықаралық Аграрлық білімдер академиясының, қала берді Қазақстанның Жоғарғы мектебі академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және А.И.Бараев және А.Байтұрсынов атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «ҚР ғылымға еңбек сіңірген қайраткері», ҚР және Ресейдің бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры. Әйгілі ғалымның сексен жастық мерейтойына орай шығарылып отырған ғұмырнамалық ұлағат кітабына 2007, 2010 және 2013-жылдары жарық көріп, оқырмандарының ыстық ылтипатына бөленген «Адам болып келген соң…», «Аман-есен жүрсе екен бізді сүйген, біз сүйетін адамдар», «Көңіл көкжиегінде» мини-романдары мен кейінгі бес жыл әлетінде ғылымдағы өзгерістерге, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға, ауыл шаруашылығына, отбасына байланысты ой-толғаныстары енгізілген. Үлкендік жөнімен айтатын ұлағатқа толы сыршыл әңгімелері кім- кімге де ұнары, ой салары күмәнсіз.
Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.