Көне замандардан бергі қазақ халқының тарихындағы Ұлы тұлғалар есімдері тарих аспанындағы Құс жолы жұлдыздарындай сайрап жатыр. Ежелгі Алып Ер Тоңға, Майқы, Қорқыт, Күлтегіе, т.б. бертінгі билер мен қаһандар.... Кейінгі Алтын Орда дәуірінен соңғы кезеңде үлкен ұлыс ретінде біріккен Қазақ елінің туын тік көтеріп, мемлекет ретінде іргесін бекітуге аянбай атсалысқан ұлы тұлғалардың бірі Төле би Әлібекұлы (1663-1756) болды.Өзінің бүкіл өмірін XVII-XVIII ғасырларда дала өркениетінің терең мақсаттарына арнаған Төле көш бастаған көсемдігімен, сөз бастаған шешендігімен қазақ халқының ұлы биі атанды.
Описание