«Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көріп отырған алтыншы том - «Телеу» атты еңбекте ерте ортағасырлардан ХХғасырдың басына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Телеутайпасының тарихы баяндалған. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Түрік қағанаты тұсында батысқа жылжыған телеулердің арғы бабаларының тарихи тағдыры, олардың қыпшақ, башқұрт және ноғай бірлестіктеріндегі, Алтын Орда құрамындағы және ол ыдырағаннан кейінгі Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы тұсындағы этникалық процесстердегі, ұлт-азаттық қозғалыстарындағы орны мен рөлі көрсетілген. Тарихымызда зерттеле қоймаған «ақтаңдақ» мәселелер - Телеулердің этникалық тамыры, тайпаның шежіре деректері, түркі халықтарында және қазақ жерінде шашырай орналасуының себеп-салдары және т.б. көптеген тың мәліметтер негізінде баяндалған.
Том тарихи суреттермен, карталармен, ғылыми аппаратпен, көрсеткіштермен жабдықталған. Тарихшыларға, Отан тарихы пәнінің оқытушыларына, еліміздің, қазақ халқыныңкүрделі тарихының этникалық мәселелері қызықтыратын оқырмандардың қалың тобына арналған.
Описание