«Түрiк тiлдерiнiң жинағы (Түрік сөздігі)» - түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегi күллi түрiк тiлдерiнiң тұңғыш әрi аca терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тiл зергерi Махмұт Қашқари ⟪Түрiк тiлдерiнiң жинағын» барлық түрiк тектi ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрiк елдерiнiң әдебиетi мен тiлiн салыстырмалы түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кiтап. Түрiк тiлiнiң тұңғыш та, әсте қайталанбайтын бірегей оқулығы. XI ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуi қазiргi түрiк тектес ұлттардың ежелгi мәдениетiнде қайта жаңғыру үрдiсi жаңа бағыт алған тұста аса қажеттi де пайдалы еңбек. Ана тiлiмiздiң, туған әдебиетiмiзбен мәдениетiмiздiң түп негiздерi, тел заңдылықтары осы бiлiктi зерттеу беттерiнде жұлдыздай жамырап көрiнедi. Қазақ ұлысының жаңарылымы да, таным дүниесi де, елдiк қағидалары да осындай аталы дәстүрiмiзден қуат алып, нәр жинауы тиiс.
Описание