Қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген ақын-жазушылар өмірін зерттеумен де шұғылданып жүр. Мысалы, ол бұған дейін жазушы Тәкен Әлімқұлов, ақын Шона Смаханұлының бұрын жарық көрмеген хаттар, күнделіктер және қолжазбалар сияқты эпистолярлық жанрдағы жазбаларын республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жариялап, көпшіліктің ризашылығына бөленсе, бұл жолы ол көркемсөзіміздегі шытырман оқиғалы шығармалар көшбасшысы, жазушы - Кемел Тоқаевтың журналистік өмірінің тың беттерін тауыпты. Шынында, жазушы К. Тоқаевтың еңбек жолын алғаш Жамбыл облыстық «Сталиндік жол» (бүгінгі «Ақ жол») газетінде қарапайым тілші болып бастағанын ешкім біле бермейді. Міне, К. Сәттібайұлы облыс мұрағаттарындағы көне газеттерді парақтай отырып, болашақ жазушының тырнақалды кинорецензиялары мен мақалаларын тауып және К. Тоқаевтың сол тұстағы мәдени, әдеби және рухани өмірге белсене ат салысқанын дәлелдейді. Сонымен бірге, кітапты құрастырушы К. Сәттібайұлы Жамбыл облыстық«Ақ жол» және республикалық«Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған жазбасын алғысөз ретінде пайдалана отырып, К. Тоқаевтың Әулиеата өңірінде болған оқиғадан алып жазған «Көшкен үйдің қонысы қайда?» атты әйгілі повесі мен «Сарғабанда болған оқиға», «Көмескі із» атты шығармаларын да оқырмандар назарына қайта ұсынуды жөн көріпті.
Описание