Материалдар жинағында ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар туралы мәліметтер берілген. Жинақты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты дайындады. Материалдар жинағы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) әзірленген «Ұлы даланың ұлы есімдері» мультимедиялық платформасының орыс тіліндегі баспа нұсқасы болып табылады. Платформада ұсынылған Тарихи кейіпкерлердің галереясы Нұр-Сұлтан қаласында ашық аспан астындағы Ұлы есімдер энциклопедиялық паркін құруға негіз болады. Есімдер тізіміне мемлекеттіліктің, ғылым мен мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан танымал тұлғалар кірді. Жоба Қазақстан тарихындағы аса көрнекті қайраткерлердің мұрасын зерттеуге, аз зерттелген мұрағат материалдарын ғылыми айналымға енгізуге, елімізде және шетелдерде қалың халық арасында белсенді түрде танымал етуге бағытталған. Басылым қалың оқырмандарға арналған.
Описание