Монография ХVІІ ғасырдың ХІХ ғасырдың І ширегі аралығындағы Қазақ хандығының тарихын саралауға арналған. Бұл кезең Бас хандар Тәуке, Болаи, Қайып, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай және өзге де елбилеушілерінің басқаруларымен ерекшеленеді. Еңбек бұрын жарияланған мұрағаттық құжаттар мен зерттеулерді жаңаша зерделей келе, соңғы жылдары қолымызға тиген Ресей, Қытай, Иран мұрағаттарының жаңа материалдары негізінде дайындалды. Соның нәтижесінде біртұтас Қазақ хандығының тарихы, оны билеген Бас хандары мен хан, би, батырларының қоғамдық-саяси қызметтері, олардың сыртқы саясаттағы көпвекторлы ұстанымдары, көршілес алып империялардың отарлау саясатының қырлары, оларға қарсы бағытталған үздіксіз жүрген ұлтазаттық қозғалыстар толыққанды ашыла түседі.
Описание