Тарихнамадағы тұғырлы да таласты тұлға Жәңгір Бөкеевтің қазақ қоғамындағы алар орны негізінен өмірінің тек бір тұсымен - Исатай-Махамбет бастаған халық көтерілісімен байланысты айтылып- жазылады. Ал 22 жыл тақ иеленген кезіндегі қайраткерлігі мен өнегелі істері назардан шет қалады. Кітапта өз ордасының іргесін бекемдеудегі Жәңгірдің жеке-дара күресі, Ресей патшаларымен, губернаторлармен қарым-қатынасы белгілі де беймәлім деректер арқылы ашып көрсетіледі. Жәңгір ханның ұлты үшін сіңірген еңбегі - тұңғыш мектеп ашу, жастарды Ресейде оқыту, астана салу, дәстүрлі заң ережелерін жазу оқиғалары тартымды әңгімеленеді. Кітаптың құрылымы ғұмырнамалық тізбе емес, оқиғалық қатарға негізделген. Әбілқайыр - Нұралы - Бөкей - Жәңгір әулеттік жалғасы, отбасының, ұл-қызының тағдыры туралы сыр шертеді. I Александр, I Николай патшалармен, Гумбольдт, Қазымбек, Гебель сынды әйгілілермен таныстығы қызықты хикаялармен өрбиді.Тұлғаны соны қырынан танытуды мақсат еткен.
Описание