Артикул: 9965-978-81-8
Алматы қаласында: қоймада жоқ
Астана қаласында: қоймада жоқ
Кітап сипаттамасы
“Қазақ қандай халық?” деген сауалға тоқталмаған, оған салауатты жауап іздемеген жан жоқ шығар?!. Бұл сауал төңірегінде қазақ деген жұрт жер бетінде қаншасыншы жылдан бері өмір сүріп келе жатса сонша жылдар, ғасырлар бойы дала данышпандарынан бастап әрбір адам толғанған және толғана береді де. Себебі оның нақты жауабы мен анықтамасы болуы да берілуі де мүмкін емес сияқты . Бұл еңбектің қиындығы мен құндылығы да міне осында. Алайда бұл еңбекте осы аса қиын да қитұрқы сауалға осы күнге дейін айтылып келген бүкіл пікірлерді жинақтай келе жүйелі бір жауап беруге дайындық жасалыпты. Бұл бүкіл оқырманның қызығушылығын оятып, өзінің кім екендігін ойлауға ой түрткі болады.
Автормен бірге “Қазақ қандай халық?” деген сауалға жауап ізделеді. Автор былай дейді: “...Қойылып отырған сауалға берілер “дұрыс жауап” – қазақтарды саяхатшы-туристер деңгейіндегі анықтама емес, терең де жан-жақты, тамыры тереңде жатқан көне тарихы бар, ұлы Тұран аумағы қара шаңырағының бірегей иегері, әрі мұрагері саналатын, өзінің ұлан-ғайыр басы ашық атамекені бар, қалыптасқан өзіндік салт-дәстүрі, әлемдегі көптеген өркениетті елдермен терезі тең халықтардың бірі ретінде танытатын анықтама-жауап болуы тиіс. Ол ғана емес, “Қазақ қандай халық?” деген сауалға берілер дұрыс жауап, сайып келгенде, қазақ халқының кім болғанын емес, сонымен қатар оның бүгінгі таңда кім екенін және оның ертеңгі жарқын болашағын білгісі келетін, біле тұрып, түсінгісі келетін, өркениетті ел ретінде онымен мәдени, экономикалық, достық қарым-қатынаста болғысы келетін жержүзілік қауымдастықтарға да қажет” – дейді.
Қазақтың барша зиялы қауымына арнайы бағыштап, “Қазақ қандай халық?” деген сауалды төтесінен қойып, қанымызда бар ұлттық намысқа тие сөз қозғап, қамшылап отыруымыздың тағы бір себебі де, міне, осында". Бұл еңбектің зәрулігі мен құндылығы да осында.
Пікірлер
Пікір қалдыру
Қоржын