Артикул: 00001237
Cалмағы: 700 г.
Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
Алматы қаласында: қоймада бар
Нұр-Сұлтан қаласында: қоймада жоқ
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының ақталуы туралы Үкіметтің арнаулы қаулысы қабылданғаннан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осынау 25 жыл ішінде ақын шығармалары әртүрлі баспалардан кітап болып басылып шықты. Әр жерде сақталған ақын шығармаларының қолжазбалары негізінде жарық көрген бұл басылымдардың кемшіліктері де жоқ емес. Осындай кемшіліктерді әу баста газет-журналдарға басылған ақын шығармаларынан көрген Қ.Мұхамедханов өзінің «Біздің міндет» атты мақаласында сынға алған еді. Одан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлының алғашқы жинақтары 1988 жылы «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан жарыққа шыққан кезде «Құдай» деген сөзден құдай сақтасын...» деген мақаласы жарық көреді. Осы аталған екі мақала да Шәкәрім шығармалары оқырманға қатесіз, бұрмаланбай, түпнұсқадан айнытпай жетсе екен деген оймен жазылған еді. Өкінішке орай, сол алғашқы жинақтардағы кеткен мәтіндік қателер кейінгі басылымдарда сол қалпында кездесетіні қынжылтады. Мәтіндегі қателермен бірге, өлеңдерді де бірнеше бөлікке бөліп жібергендігі де анықталды. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы» жинағына енген шығармалары 1988 жылдан бері жарық көрген жинақтардың ешқайсысына да толықтай кірмеген. Шәкәрімнің ұлы Ахат Құдайбердиевтің жеке архиві 1986 жылы Мәдениет министрлігінің арнайы шешімімен Абай мұражайының қорына жеке коллекция болып қабылданды. Осы коллекциядағы қолжазбалардың ішінде Ахат Құдайбердиевтің әкесі Шәкәрімнің кітабын қазіргі әріпке аударған қолжазбасы бар. Абай мұражайы баспаға дайындаған кітапта ақынның өзі көзі тірісінде 1912 жылы шыққан жинақ факсимиле күйінде және қазіргі қазақ әрпіне Ахат Шәкәрімұлының Абай мұражайының қорында сақтаулы осы аударма қолжазбасы негізінде беріліп отыр. Кітапта түпнұсқа кітаптың беті және сол беттегі мәтіннің аудармасы қатар берілген.
Кітап сипаттамасы
Пікірлер
Пікір қалдыру
Қоржын