Артикул: 978-601-06-4875-3
Алматы қаласында: қоймада жоқ
Нұр-Сұлтан қаласында: қоймада бар
16 күннің ішінде жазылып шыққан жыл бестселлерін қаламгер ертеңгі күннің келбетін анықтайтын жастар екенін туындысына арқау еткен. Авторды қазіргі қоғам жастарының құндылықтары мен тұлғалық қасиеттері толғандырады. Жастардың мықты қоғам құруына деген көзқарасын оятып, парасатты ұрпақ тәрбиелеу жолында қандай қызметтер атқару керектігін анықтап көрсетеді. Кітаптың бірінші тарауы оқырманның қалыптасуы деп аталса, екінші тарауы оқырманға кітап қалай таңдап оқуға болатынын үйретеді оның ішінде сәнге айналған кітаптарға сене бермеуді айтады. Үшінші бөлімде кітап оқитын адамның шешен болуы хақ емес екенін алға тартып, америкалықтардың кітапқа деген құрметін ашып көрсетеді. Төртінші тарауды автор «Кітап оқудан кітап жазуға» деп атап кітап жазуға деген алғашқы талпынысы қалай еді, адамның өзіндік ойлау жүйесі туралы мәселені қаузап, бесінші тарауға оқырманды қалыптастыру жолында қандай іс-әрекеттер жасауға болатынын меңзейді. Кітапқа қосымша автордың жеке сұқбаттар мен кітап жайында пікірлер енгізілген.
Кітап сипаттамасы
Google әлемдегі барлық кітапты санап шығып, олардың жалпы саны 129 864 880 екенін анықтапты. Дүниежүзіндегі ең үлкен АҚШ Конгресінің кітапханасының қорында 33 миллионнан астам басылым бар екен. Жүз жыл өмір сүретін адам жылына жүз кітап оқығанның өзінде ғұмырында әрі кетсе он мың кітаптан асыра алмайды. Осыдан-ақ өмірдің қысқа екенін және білімнің түбіне жетудің мүмкін еместігін байқаймыз. Кітап оқудан бас тартпай, оны сүйікті әдеттеріміздің біріне айналдырғанымыз, қай жағынан алып қарасақ та, тиімді екені сөзсіз. Шетелде жүргізілген зерттеулердің бірінде үшінші сыныпқа дейін оқуға қызығушылығы оянған баланың болашақта түрмеге түсу, нашақорлыққа шалдығу немесе оқуын аяқтай алмай қалу ықтималдығы күрт төмендейтіні анықталыпты. Кітап оқитын ересектер екі жарым есе жиі ерікті жұмысқа араласып, қайырымдылық шараларына атсалысады екен. 2016 жылы зерттеу бойынша, еліміздегі жастардың сексен пайызға жуығы кітапты не өте сирек оқиды, не оның бетін мүлдем ашпайды екен. Бұл көрсеткіш бізді алаңдатуы керек. Еліміз ертең «ақылды» экономика құрып, әлемнің басқа мемлекеттерімен терезесі тең болсын десек, онда кітап оқитын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Қолыңызда ұстап тұрған кітаптың негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға шақыру.
Пікірлер
Пікір қалдыру
Қоржын